Мұнай және газ министрі елдегі жанар-жағармай тапшылығы мәселесін шешуге уәде берді

размер шрифта: Aa | Aa
14.09.2011 17:18

- Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев отандық нарықтағы жанар-жағармай тапшылығы мәселесін шешуге уәде берді.

«Бұл мәселе шешіледі», - деді ол сейсенбі күні журналистерге.

Министрдің айтуынша, жанармай тапшылығының бір себебі - Қазақстан мен Ресей рыногындағы баға айырмашылығында. «Ресей Федерациясымен арадағы айырмашылық артып барады. Мысалы, бізде Аи-80 маркалы бензин Ресеймен салыстырғанда 43%, дизель отыны 40% арзан. Бұл рыноктың сұранысын қанағаттандыруға кедергі келтіреді», - деді министр.

Сонымен қатар ол қыркүйек айында әлеуметтік маңызы бар жанар-жағармай бағасы белгіленген шектеуден қымбаттамайтынын атап өтті.

Астана. 13-қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту