Қазақстанның Мұнай және Газ министрлігі басшысы, елде ЖЖМ тапшылығы бар екендігін мойындады

размер шрифта: Aa | Aa
14.09.2011 17:20

Қазақстанның Мұнай және Газ министрі Сауат Мыңбаев, ел нарығында жанар-жағар май өнімдеріне деген тапшылықтардың бар екендігін мойындап, жағдайды жақсарту үшін қажетті шараларды қолға алатыны туралы мәлімдеді.

 «Мұнда екі мәселе туындап отыр. Біріншісі – баға РФ тарапынан ырқынан шығып өсіп отыр. Айтакетсек, 80-ші (АИ-80 маркалы бензин) қазір 43%-ға жоғарылап, дизелдік отыны болса – 40%-ға көтерілген. Бұл әрине, нарықты толықтай қамтуға жетпейді», - деді Мыңбаев сейсенбі күнгі журналистерге берген сұхбатында.

 «Екіншісі (мәселе) – біздің зауыттар (мұнай өндіретін). Атап айтқанда, Атырау мен Павлодарда бірқатар мәселелер туындап отыр. Бұл енді осы жағдайға ұйымдастырушылықта ықпалды болудан туындап отырған мәселелер», - дей келіп министр мәселенің не себептен туындап отырғандығын ашып атаған.

 Мұнай және Газ министрлігінің басшысы, «ішкі нарықты ЖЖМ қамтамасыз ету және оның тұрақтау мәселелсі шешімін табатын болады», - деп сендірген.

АСТАНА, 13 қыр – Қазақстан жаңалықтары АА.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту