8 айда бензин бағасы 21%-ға қымбаттаған – статагенттік

размер шрифта: Aa | Aa
15.09.2011 16:40

Қазақстанда 2011 жылдың қаңтар-тамыз айларында бензин бағасы 21%-ға қымбаттаған, деп мәлім етті статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов.

«Жекелеген тауарлар туралы айтатын болсақ, дизель отыны жыл басынан бері (2011 жылдың қаңтар-тамызы - ҚазТАГ) 24%-ға, ал өндіруші-кәсіпорындарда 22%-ға қымбаттаған. Жыл басынан бері бензин 21%-ға қымбаттаса, өндіруші-кәсіпорындар бұл уақытта бағаларын 29%-ға көтерген», - деді статагенттік басшысы сәрсенбі күні брифингте.

Сондай-ақ, оның ақпаратына сәйкес, сұйытылған газдың бағасы 7,5%-ға көтерілген.

«Пропан мен бутан өндірушілері бағаны 6%-ға көтерген», - деді агенттік басшысы.

Астана. 14 қырқүйек. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту