«Самұрық-Қазына» қоры Алматы мен Алматы облысының мұнай өнімдері нарығын тұрақтандыруға көмектесті

размер шрифта: Aa | Aa
15.09.2011 16:42

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басшылығының жедел араласуы Алматы мен Алматы облысының мұнай өнімдері нарығын тұрақтандыруға көмектесті, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

 «Қор жедел тәртіппен ЖЖМ жеткізу бағыттарына түзету енгізді және мұнай өңдеу зауыттарынан ақшыл мұнай өнімдерінің қосымша көлемдерін қарқынды жөнелтуді ұйымдастырды. Атырау мұнай өңдеу зауытынан жөнелту тәулігіне 157-ден 734 тоннаға дейін, Павлодар мұнай-химия зауытынан – 1066-дан 2285 дейін, «ПетроҚазақстан Ойл Продактстан» (Шымкент МӨЗ-і - ҚазТАГ) – тәулігіне 985-тен 1675 дейін ұлғайтылды», - делінген қордың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, мұнай өнімдері үшін бос жылжымалы құрамды кідіріссіз беру қамтамасыз етілді, делінген ақпаратта.

«Қазіргі кезде АИ-92 маркалы бензин «ҚазМұнайГаз» және «Синоойл» компанияларының май құю станцияларында шектеусіз сатылады. Ақшыл мұнай өнімдерінің қосымша көлемі «Гелиос» ЖҚС-тарына да АИ-92 маркалы бензинді шектеусіз сатуға мүмкіндік берді. «Роял Петрол» жекелеген ЖҚС-тары да сатуға кірісті», – деп хабарлайды мемлекеттік қордың баспасөз қызметі.

Алматы қаласы мен Алматы облысына дизель отынының жеткізілімдерін ұлғайту жалғасуда. «ҚазМұнайГаз Өнiмдерi» АҚ Алматы филиалы Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктерімен, сондай-ақ, қоғамдық көлік кәсіпорындарымен дизель отынымен басым негізде атаулы қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.

Соңғы кезде Алматы қаласы мен Алматы облысында аса сұранысқа ие АИ-92 бензинімен және дизель отынымен қамтамасыз етуде күрделі жағдайдың қалыптасқаны белгілі.

Астана. 14 қырқүйек. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту