«Қаражанбасмұнай» АҚ шығарындылар лимитін арттырғаны үшін айыппұл төледі

размер шрифта: Aa | Aa
15.09.2011 16:55
Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы аймақтың жер қойнауын пайдаланушылардың ҚР экологиялық заңнамаларын қолдануына тексеру жүргізді, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Тексеру барысында белгіленген лимиттен асырып, ластаушы шығарындылардың арттырылуы фактілері анықталды», - деп хабарланды ведомстводан.

Мәселен, «Қаражанбасмұнай» АҚ салық декларациясында 2010 жылдың 4 тоқсанында нормативтен жалпы сомасы 7 758 869 теңгеге жоғары эмиссия көлемі көрсетілген. Осындай ластаушы заттар шығарындыларын арттыру фактісі осы жылғы 1 тоқсандағы декларацияда да 10 286 615 теңгеге көрсетілген».

Осы факті бойынша облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Маңғыстау облыстық «Жайық-Каспий экологиялық департаментіне ұсынба жасады. Соның нәтижесінде «Қаражанбас» АҚ-ға қоршаған ортаға 10 197 527 теңге көлемінде зиян келтірілгені туралы» шағым жасалды.

«Бұл экологиялық шығынды «Қаражанбас» АҚ толық көлемінде төледі. Сонымен қатар кәсіпорынға «ҚР Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы» кодекстің 243-бабы бойынша қоршаған ортаға нормативтер эмиссиясын арттырғаны үшін 8 886 742 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, компания оны да толық төледі», - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту