«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының спорт кешенінде ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайы спорттық шаралар өтуде

размер шрифта: Aa | Aa
15.09.2011 16:56
 14-17 қыркүйекте Мемлекет басшысы Жолдауында атап көрсеткен бұқаралық дене шынықтыру, спортты дамыту шаралары аясында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының спорт кешенінде ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мұнай-газ саласы қызметкерлерінің  арасында спартакиада өтуде.

Бұл шараның мақсаты - қалың көпшілік арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі ретінде спорт пен дене шынықтыруды насихаттап, қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа баулу болып табылады. Бұл ретте «ҚазМұнайГаз» компаниясының Бизнесті қолдау жөніндегі басшы менеджері Серікбек Елшібеков «Біздің ұжымның мықты спортшылары қызықты да тартысты бәсеке ұйымдастыратынына сенімдімін. Бұл кездесу жеңіске деген құштарлық және шеберлік мерекесі ретінде өтетіні сөзсіз,- деп атап көрсетті спартакиаданың ашылу рәсімінде.

Спартакиадаға «ҚазМұнайГаз», «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру»,  «ҚазТрансОйл»,  «ҚазМұнайТеңіз», «ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және маркетинг», «Маңғыстаумұнайгаз», «ҚазМұнайГаз-Сервис»,, «Интергаз Орталық  Азия», «ҚазМұнайГаз Өнімдері», «Қазақ мұнай және газ институты» сияқты акционерлік қоғам қызметкерлері қатысуда. Спартакиаданың бағдарламысына шахмат, кір тасын көтеру, қол күресі, стол теннисі, жүзу және шағын футболдан жарыстар енгізілген. 1-3 орындардың жеңімпаздарына дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етіледі.

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту