Ақтауда «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмыскерлерінің жаңа кәсіподағы құрылды

размер шрифта: Aa | Aa
15.09.2011 16:57
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмыскерлерінің жаңа кәсіподағы құрылды. Бұл туралы кәсіподақтың баспасөз қызметінен мәлім етті.

12 қыркүйек күні Ақтаудағы «Қаражанбасмұнай» АҚ-да компания жұмыскерлерінің жаңа кәсіподағын құру бойынша құрылтайлық конференция өтті. Конференция делегаттары ашық дауыс беру арқылы кәсіподақ комитетінің төрағасы етіп бу әзірлеу цехының аға механигі Көбен Төремұратты сайлады. Конференция жұмысына Маңғыстау облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы Имамади Айналиев және «Қаражанбасмұнай» АҚ-дағы «Нұр Отан» партиясы бастауыш партиялық ұйымының төрағасы Бисен Түсіпов қатысты.

К.Төремұрат екі жоғары білімі бар, «Қаражанбасмұнай» АҚ-да 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту