
Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде автоцистерна аударылып, мұнай төгілді
размер шрифта: Aa | Aa |
16.09.2011 16:51 | ||
Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы «Кеңлік» кенішінде 15 қыркүйекте түстен кейін «Нимекс Транс» ЖШС-нің «КамАЗ» маркалы автоцистернасы аударылып, 141 шаршы метр жерге 29 текшеметр мұнай төгілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлад. Төтенше оқиға «Саутс-Ойл» ЖШС учаскесінің иелігіндегі жерде болған. Төтенше жағдайды жою үшін Қызылорда облысы ТЖД-ның 3 адамы және 1 бірлік техникасы; «Саутс-Ойл» ЖШС-нің 10 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Кешке қарай төгілген мұнайды жою және басқа цистернаға құю жұмыстары толық көлемінде аяқталды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. МЧС РКАСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат
|