Қашаған кенішінде 10 млрд. тонна мұнай және 1 трлн. текше метр газ бар - Мемлекет басшысы

размер шрифта: Aa | Aa
19.09.2011 16:21
Атырау облысында игеріліп жатқан Каспий теңізіндегі Қашаған кенішінде мұнайдың болжамдық қоры кемінде 10 млрд. тоннаны құрайды. Ал газ қоры - 1 триллион текше метр.

Бұл туралы жұма күні аймақта жұмыс сапарында жүрген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Аджип ККО» компаниясының «Д» жасанды аралында болған кезінде мәлім етті.  

Мемлекет басшысының айтуынша,  Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кенішінен алғашқы мұнайды өндіру мерзімі кейінгі ауыстырылмайды. «Біз 2012 жылдың соңында алғашқы мұнай алу қарсаңында тұрмыз, одан кейін мұнай өңдеу қондырғысы орнатылған «Болашақ» зауытына келіп түседі. Алғашқы кезеңде мұнда жылына 50 млн. тонна мұнай өндіріледі», - деп мәлім етті Мемлекет басшысы.

 «Президент болған Қашаған кенішінің «Д» жасанды аралында өндіру ұңғыларының бір бөлігі болады. Ал қалғандары басқа шағын жасанды аралдарға орнатылады. Бұл аралдардан мұнай құбыр бойымен «Д» аралына жеткізіледі, осында пайдалану-техникалық кешен орталығы орналасады. Бұл кешен Қашаған кенішінің игерудің алғашқы кезеңінде теңіз нысандарын біріктіреді.  Жобаны жүзеге асыру барысында жаңа аралдар жасалады.

«Д» аралынан 3 құбыр бойынша мұнай «Болашақ» қондырғысына жіберіледі, оны салу Атыраудан 30 шақырым жердегі Қаратабан елді мекенінде аяқталып келеді.

Мемлекет басшысына баяндалғандай, кенішті игерудің бірінші кезеңінде «Д» аралында тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндіріледі, бұдан кейін бұл көлем тәулігіне 450 мың баррельге дейін ұлғайтылады. Қашаған мұнайының өндірудің ең жоғары сатсында тәулігіне 1,5 млн. баррельге дейін «қара алтын» алынбақ.

АТЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/

Кашаган


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту