Солтүстік-Каспий жобасына 33 млрд. доллар инвестициялар салынды - ҚР Президенті

размер шрифта: Aa | Aa
19.09.2011 16:25
Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Қашаған орасан зор кенішін игеру жобасына қазірдің өзінде 33 млрд. доллар инвестициялар салынды.

Тағы 30 млрд. доллар инвестициялар Теңіз кенішін игеруге салынды, деп атап өтті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында.

«Қашаған кенішінің тәжірибелік-өнеркәсіптік алғашқы кезеңінде жылына 50  млн тоннаға дейін мұнай өндіріледі. 2018-2019 жылдарға қарай екінші кезеңде - жылына 75 млн. тоннаға дейін жетеді. Қазақстан әлемнің ірі мұнай экспорттаушыларының қатарына кіреді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Атырау облысында игеріліп жатқан Каспий теңізіндегі Қашаған кенішінде мұнайдың болжамдық қоры кемінде 10 млрд. тоннаны құрайды. Ал газ қоры - 1 триллион текше метр.

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кенішінен алғашқы мұнай өндіру 2012 жылдың соңында басталады. Кенішті игерудің бірінші кезеңінде «Д» аралында тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндіріледі, бұдан кейін бұл көлем тәулігіне 450 мың баррельге дейін ұлғайтылады. Қашаған мұнайының өндірудің ең жоғары сатсында тәулігіне 1,5 млн. баррельге дейін «қара алтын» алынбақ.

Бүгінгі таңда «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) Солтүстік Каспий бойынша 1997 жылғы 18 қарашадағы Өнімді бөлу туралы келісім ауқымында 11 блокта барлау және көмірсутектерін өндіруді жүзеге асыру үшін консорциумның жеті қатысушысының атынан тағайындалған оператор ретінде әрекет етеді.

Келісім аясында 5600 шаршы шақырым мердігерлік учаскеге қазір игеріліп жатқан Қашаған ірі кеніші, сондай-ақ Қаламқас, қазір бағалау жүргізіп жатқан Оңтүстік-Батыс Қашаған, Ақтоты және Қайраң  кеніштері кіреді. Жобадағы консорциум мүшелерінің үлестері: «ҚазМұнайГаз» - 16,81%, «Эни» - 16,81%, «ЭксонМобил» - 16,81%, «Шелл» - 16,81%, «Тоталь» - 16,81%, «КонокоФиллипс» - 8,40%, және «ИНПЕКС» - 7,56%.

АТЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту