«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Директорлар кеңесі компания акцияларын сатып алу бағдарламасын мақұлдады

размер шрифта: Aa | Aa
19.09.2011 16:26

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесінің ҚМГ БӨ акцияларын сатып алу бағдарламасын мақұлдағанын хабарлайды.

Осы бағдарламаға сәйкес, Компания 300 млн. АҚШ долларына дейінгі сомаға Қазақстан қор биржасында (KASE) орналастырылған қарапайым акцияларды (KASE: RDGZ KZ) және Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылған жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) (LSE: KMG LI) сатып алмақ ниетте. Сатып алу бағдарламасы 2012 жылдың соңына дейін есептелген және алдағы бірнеше апта ішінде басталады. Акциялар мен ЖДҚ-тар сатып алу кезіндегі басымдықты баға бойынша сатып алынады.

Директорлар кеңесі компания акциялары мен ЖДҚ-тарының ағымдағы бағасы оның шын мәніндегі құнын және қолда бар ресурстық базаға, бизнесті дамыту мүмкіндіктеріне және қаржылық жағдайының тұрақтылығына негізделген айтарлықтай әлеуетін білдірмейді. Осыған байланысты ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі компанияның нарықта жарияланған ЖДҚ-тары мен акцияларының бір бөлігін сатып алу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім менеджменттің компанияның болашағы мен құндылықтарына сенімді екенін көрсетеді. Одан бөлек, аталған қадам ақша қаражаттарын барлық акционерлердің мүддесіне сай мейлінше тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

ҚМГ БӨ компанияның акциялары мен ЖДҚ-тарын сатып алу бағдарламасын жүзеге асырумен қатар, бұған дейін жарияланған 2011 жылдың соңына дейін есептелген артықшылықты акцияларды сатып алуды жалғастырады. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы өзіне қарасты ҚМГ БӨ акцияларын сатпайды деп күтілуде.

Компанияның есептеуінше, айтарлықтай қомақты қаражат жинақталған, ал өндірістік қызмет қолма-қол қаражаттың тұрақты түсуін қамтамасыз етеді. ҚМГ БӨ геологиялық барлау, жаңа сатып алулар және мұнайгаз активтеріне инвестиция салу арқылы бұрынғысынша өзінің даму стратегиясын жүзеге асыруды жалғастырады.

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту