Қазақстандағы Солтүстік-Каспий жобасына 7,5 млрд. доллар тауарлар мен қызметтер сатып алынды - Пьер- Оффан

размер шрифта: Aa | Aa
19.09.2011 16:29
Атырау облысының Қашаған кенішін игеру бойынша консорциум қатысушылары сатып алған қазақстандық тауарлар мен қызметтер 2005 жылдан бері 7,5 млиллиард доллардан асты.

Бұл туралы «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.» (НКОК) компаниясының төрағасы және басқарушы директоры Пьер Оффан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеніште болған кезінде мәлім етті.

«Қашаған жобасының бірінші кезеңі аяқталуға таяу. Бүгінгі таңда нысандарды іске қосуға және пайдалануға әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы өнеркәсіптік мұнай алудың басталуына қажетті жұмыстар, тұтастай алғанда, 94 пайызға орындалды. Жерүсті кешені 97 пайыз дайын, теңіз кешені 92 пайызға әзір», - деп хабарлады Пьер Оффан.

Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Қашаған орасан зор кенішін игеру жобасына қазірдің өзінде 33 млрд. доллар инвестициялар салынды.

Қашаған кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің алғашқы кезеңінде жылына 50 млн. тонна мұнай өндіріледі. 2018-2019 жылдарға қарай екінші кезеңде - жылына 70 млн. тоннаға жеткізіледі, бұл Қазақстанның әлемнің ең ірі мұнай экспорттаушыларының қатарында алғашқы бестіктен орын алуына мүмкіндік береді. Каспий теңізіндегі Қашаған кенішінде мұнайдың болжамдық қоры кемінде 10 миллиард тонна, ал газ қоры - 1 триллион текше метрден асады.

АТЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту