Солтүстік Каспий жобасында қазақстандық үлес өте жоғары - Мемлекет басшысы

размер шрифта: Aa | Aa
19.09.2011 16:30
Атырау облысына жұмыс сапары кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Каспий жобасына қатысушылардың қазақстандық үлесті ұлғайту жөніндегі жұмысын жоғары бағалады.

«Жобада 25 мың қазақстандық тартылған - бұл барлық қызметкерлердің 80 пайызы. Екі мың қазақстандық компания мұнда өз тауарларын жеткізеді, қызметтерін ұсынады. Сөйтіп, менің талабым бойынша Солтүстік Каспий жобасында қазақстандық үлес өте жоғары болып отыр. Қанша адам жұмыс алды!  Қаншасы (адамдар) кәсіптерді меңгерді! Қараңыз, біздің айналамызда кілең жастар. Соның ішінде «болашақтықтар» да бар», - деп атап өтті Мемлекет басшысы Атырау облысындағы Қашаған кенішінің «Д» теңіз аралында болған кезінде.

Консорциум қатысушылары Қашаған кенішін игеруге сатып алған қазақстандық тауарлар мен қызметтер 2005 жылдан бері 7,5 млрд. долларға жетті.

Кенішті игеру жобасына қазірдің өзінде 33 млрд.доллар инвестициялар салынды. Қашаған кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудң алғашқы кезеңінде жылына 50 млн. тонна мұнай өндіріледі. 2018-2019 жылдарға қарай екінші кезеңде - жылына 70 млн. тоннаға жеткізіледі, бұл Қазақстанның әлемнің ең ірі мұнай экспорттаушыларының қатарында алғашқы бестіктен орын алуына мүмкіндік береді. Каспий теңізіндегі Қашаған кенішінде мұнайдың болжамдық қоры кемінде 10 миллиард тонна, ал газ қоры - 1 триллион текше метрден асады.

АТЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту