Қазақстан мұнай өнімдеріне экспорттық кеден бажын арттырды

размер шрифта: Aa | Aa
20.09.2011 16:54

Үкімет мұнай өнімдеріне экспорттық кеден бажын арттыратын қаулы қабылдады.

Тиісті қаулыға үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 5 қыркүйекте қол қойды. Құжат алғашқы ресми жарияланған сәттен бастап он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес, кедендік баж мөлшерлемесі аталған мерзімнен бастап бір тонна үшін ашық мұнай өнімдеріне 143,54 $, қара мұнай өнімдеріне - 95,69 $-ды құрайды.

Қазіргі кезде экспорттық кеден бажы төмендегідей: шикі мұнайдың бір тоннасы үшін экспорттау құны - 40 доллар, ашық мұнай өнімдері - 114,05 доллар, қара мұнай өнімдері 76,03 доллар.  

Мұнай мен мұнай өнімдеріне экспорттық кеден бажы 2010 жылы тамыз айында күшіне енген болатын.

Алматы. 19 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту