Қазақстан мұнай өнімдеріне ЭКС арттырды; мұнайға баж салығы бұрынғы деңгейде қалды

размер шрифта: Aa | Aa
20.09.2011 16:56

Қазақстан мұнай өнімдеріне әкету кедендік баж салықтарын арттырды, деп хабарлайды ресми баспасөз.

«…«Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: «Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен) – 40; 143,54; 95,69; 95,69; 95,69», - делінген ресми баспасөзде жариланған қаулыда.

Үкімет қаулысына премьер-министр Кәрім Мәсімов 5 қырқүйекте қол қойды. Құжат сенбі, 17 қырқүйекте жарияланды.

«Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген қаулыда.

Осылайша, 27 қырқүйектен бастап ақшыл мұнай өнімдерінің экспортына кедендік баж салығының мөлшерлемесі тоннасы үшін $143,54, қара мұнай өнімдеріне тоннасы үшін $95,69 көлемінде белгіленді.

Шикі мұнайға ЭКС тоннасы үшін $40 деңгейінде сақталды.

Бұрын хабарланғандай, мұнайға және мұнай өнімдеріне ЭКС 2010 жылдың тамызында енгізілді.

Астана. 19 қырқүйек. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту