Ақтаудың ірі ЖҚС-тары бензинді талонмен беріп жатыр, қалған станцияларда отын жоқ – газет

размер шрифта: Aa | Aa
21.09.2011 17:42

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында бензиннің жетіспеушілігі өткір сезіліп отыр, деп жазады «Время» газеті.

«Көлік иелері отын алу үшін ертеден кезекке тұрады. Кеше ғана отынды ақшаға сатқан ірі ЖҚС-тар енді талондармен ғана жұмыс істеуге көшкен. Шағын ЖҚС-тарда бензин мүлдем жоқ», - делінген ақпаратта.

Газеттің хабарлауынша, өткен жұма күні кешке Ақтаудағы бір ЖҚС-та АИ-95 маркалы бензиннің бір литрі Т160 сатылды. АИ-80, АИ-92, дизель отыны бір де бір ЖҚС-та сатылған жоқ.

Көлік иелерінің айтуынша, Шетпе, Бейнеу мен Құлсарыға отын дағдарысы бұрын келген.

«Бір ай бойы мұнай және газ министрлігіне хат жазып отырмыз, бірақ бір де бір жауап келген жоқ. Бұл дефициттің қай уақытқа дейін болатынын болжай алмаймыз», - дейді Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Лиза Олжабаева.

Оның айтуынша, қазір отын Астана мен Алматыға және егін жинап жатқан аграрилерге кетіп жатыр.

Сондай-ақ, газеттің атап көрсетуінше, «жергілікті ЖҚС-тар Атырау МӨЗ-інде белгілі бір көлемге тапсырыс бергенде квоталау тетігінен еш пайда болмаған». «Олардың көбі сапасы төмен болғандықтан, «квоталанған» отынмен байланысқысы келмейді. Сондай-ақ, ЖҚС иесі квота бойынша бензин алса, мұнай және газ министрлігі белгілеген бағаны ұстап тұруға міндетті болады», - делінген мақалада.

Ал Ақтау билігі бензиннің жетіспеушілігі қаланың тіршілігін қамтамасыз етуіне әсер етпейді деп сендіруде.

«Бұл уақытша қиындықтар, олар 10-15 күннің ішінде шешіледі. Қаланың жедел қызметтері мен өнеркәсіп кәсіпорындарының бәрі отынмен толығымен қамтамасыз етілген және қалыпты режимде жұмыс істейді», - деп мәлім еткен Ақтау әкімі Марат Молдағұловтың сөзі мақалада келтірілген.

Сол уақытта жергілікті билік сұйытылған газдың бағасы көтеріліп, көгілдір отынға жасанды дефицит қалыптасуы мүмкін дейді. Еркін саудадағы бензиннің бағасына келсек, ЖҚС иелерінің болжауынша АИ-80 - Т100, АИ-92 - Т120, ал АИ-95 - Т160 тұратын болады.

Алматы. 20 қырқүйек. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту