«Самұрық-Қазына» мен «Қазатомөнеркәсіп» француздармен фотовольтаикалық модульдардың өндірісі туралы келіссөз жүргізіп жатыр

размер шрифта: Aa | Aa
21.09.2011 17:43

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «CEIS»  компанияның басшылығындағы француз консорциумымен фотовольтаикалық модульдардың өндірісі жобасы бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша.

Келіссөзге қатысты толық ақпарат хабарланбай отыр.

Фотовольтаикалық модульдар электр қуатының көздері ретінде кеңінен қолданыла бастады, өйткені күн сәулесі барлық жерде бар, сондай-ақ, электр қуатының өндірісі қоршаған ортаны ластамайды және шу шығармайды.

Астана. 20 қырқүйек. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту