«ҚазМұнайГаз» компаниялары тобында қазақстандық қамтуды дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті

размер шрифта: Aa | Aa
22.09.2011 17:06

 Бүгін елордада «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобында қазақстандық қамтуды дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізілді,  деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Кеңесте сөз сөйлеген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Басқарма Төрағасы Қайыргелді Қабылдин қазіргі кезде ҚМГ ҰК Қазақстанда бақылау-есептеу құралдарын, бұрандалы сорғылар, газ таратушы орындар, түрлі электротехникалық бұйымдар, сүзгіштер, пакерлер, бұрғылаушы құбырлар, тағы да басқа өнімдер шығаратын 21 жаңа өндіріс орнын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатқандығын атап өтті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде «УКАЗ» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «FormatMachCompany» ЖШС, «САР Технология» ЖШС, Электрикум Қазақстан СҮ» ЖШС, «Шнайдер Электрик» ЖШС, тағы да басқа отандық кәсіпорындарда 600-ден астам жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар отандық кәсіпорындарды кепілді тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ ҰК ағымдағы жылы ұзақ мерзімді шарттардың сомасын 54 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Қ.Қабылдин қазақстандық қамтуды дамыту перспективалары жайында айта келіп, отандық кәсіпорындар басшыларын Қазақстанда жеткіліксіз қамтамасыз етілген тауарларды - химиялық реагенттерді, зертхана, электр жарығы жабдықтарын, электрлі сорғы агрегаттарын тағы да басқа жабдықтарды шығару мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

«Қазақстандық қамтуды дамытудағы шешімі қиын мәселелердің бірі елімізде жабдықтардың кейбір түрлерін шығаруға қуаттардың жетіспеушілігі, бағасының қымбаттығы, сонымен қатар отандық кәсіпорындарда шығарылатын жабдықтар мен техниканың әлемдік стандарт сапасына сай келмеуі болып отыр. Өнім өндіруде бәсекелестікті арттыру үшін еліміздің заводтарына жаңа технологиялар мен басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін енгізетін шетелдік әріптестерді тарту қажет», - деп атап өтті Қайыргелді Қабылдин.

Кеңестің қорытындысы бойынша ҚМГ еншілес кәсіпорындарына отандық тауар өндірушілерді жоспарланған тауарлар және жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін егжей-тегжелі қарастыру, сонымен қатар Атырау МӨЗ-інде хош иісті көмірсутектерін өндіретін кешеннің құрылысы және Бейнеу-Бозой-Шымкент жобалары бойынша тендер комиссиясының құрамына ЖШС «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан машина жасаушылар одағының өкілдерін енгізу мүмкіндігін қарастыру туралы тапсырма берілді.

Сонымен бірге «ҚазТрансГаз» АҚ-ына ЕРС келісімшартына Бейнеу-Бозой-Шымкент жобасы бойынша мердігердің отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөнінде міндеттемелерін қазақстандық қамтудың ең төменгі көрсеткішін көрсете отырып жүзеге асыру тапсырылды.

КМГ лого АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту