Құлыбаев ҚМГ-ға ереуілге қатысқаны үшін жұмыстан шығарылған мұнайшыларға жұмысқа орналасуға көмектесуді тапсырды

размер шрифта: Aa | Aa
22.09.2011 17:08

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ына (ҚМГ) және жергілікті билікке «Өзенмұнайгаз» бен «Қаражамбасмұнай» ӨФ-терінің ереуілге қатысқаны үшін жұмыстан шығарылған жұмыскерлеріне жұмысқа тұруға көмектесуді тапсырды, делінген қордың ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, қазіргі уақытта ереуіл шектелді, қақтығыс еңбек заңнамасы аясында шешілді. Өндіруші компаниялардағы жұмыскерлер штаты жасақталды, мұнай өндіру жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, еңбек келісімдерін бұзғанына байланысты жұмыстан шығарылған адамдарды жұмыспен қамту мәселесі шешілмей отыр.

«Заңсыз ереуілге байланысты 2 мыңдай адам жұмыстан шығарылды. Бұл – біздің азаматтар, олардың тағдырларына бейқам қарай алмаймыз» - деді Т. Құлыбаев. 

Ол «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ына жергілікті билікпен бірлесіп жұмыскерлерге аймақтың мердігерлік ұйымдарына жұмысқа тұруға барынша көмек көрсетіп, бұл жұмысты 3 айда бітіруді тапсырды.

Тапсырма «Өзенмұнайгаз» және «Қаражамбасмұнай» мұнай өндіруші компаниялардағы персоналдың бір бөлігінің ереуілге шығуына байланысты туындаған проблемаларды шешуге арналған кеңесте берілді. Қордың кеңесіне Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, мұнай және газ вице-министрі Ләззат Қиынов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы қатысты.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың мамырында Маңғыстау облысында жалақыны көтеруді талап еткен  мұнайшылардың жаппай наразылық акциялары басталды. Ереуілге қатысқандардың бір бөлігі жұмыстан шығарылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүдделеріне өкілеттік ететін, көмірсутекті барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша ұлттық оператор. «ҚМГ» АҚ акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘқ» АҚ-на тиесілі.

Алматы. 21 қырқүйек. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту