Тимур Құлыбаев қазақстандық өндірушіні қолдауға уәде етті

размер шрифта: Aa | Aa
23.09.2011 18:43
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев сәрсенбі күні «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының сатып алуларында қазақстандық үлесті ұлғайту мәселесі бойынша өткен кеңесіне қатысты,деп хабарлады Ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі.

Шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ,  «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС, «PSA», NCOC, Karachaganak Petroleum Operating BV, «Теңізшевройл» ЖШС, Қазақстанның машина жасаушылар одағы, сондай-ақ отандық тауар өндірушілер компанияларының басшылары қатысты.

«Біздің алдымызда қазақстандық үлесті 60 пайызға дейін жеткізу міндеті тұр, қанеки, бизнес және негізгі тапсырыс берушілер - бәріміз болып бірлесе отырып, осы міндетті орындауды қолға алайық. «ҚазМұнайГаз» және «Самұрық-Қазына» қазақстандық кәсіпкерлердің кәсіпорын құруларынша барынша қолдау көрсетеді», деп атап өтті Т.Құлыбаев.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин бүгінгі таңда ҚМГ Қазақстанда бақылау-өлшеу құралдарын, бұрандалы сорғыларды, газ айыру пункттерін, әртүрлі электр-техникалық бұйымдарды, сүзгілерді, бұрғылау құбырларын және басқаларын шығару жөнінде Қазақстанда  21 жаңа өндіріс ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде отандық кәсіпорындарда 600-ден астам жұмыс орындары ашылады.

Өз кезегінде Т.Құлыбаев қазақстандық өндірушілерді Атырау мұнай өңдеу зауытында ароматты көмірсутектерн өндіру бойынша кешен салу және «Бозой-Бейнеу-Шымкент» газ құбырын салу сияқты ірі жобаларға тарту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Ол сондай-ақ бұл орайда Қашаған кенішін атап өтті. «Бірыңғай кешенді тұрғыдан келу қажет. «Самұрық-Қазына» өз тарапынан техникалық және ұйымдық қолдау, өндірістерді ұйымдастыру жобаларын қаржыландыру жөнінде қолдау көрсетуге уәде етеді», - деп мәлім етті ол.

Кеңесте қазақстандық өндірушілер әлемдік стандарттарға сәйкес болуға, өз өнімдерінің сапасын арттырып, құнын кемітуге, қауіпсіздік мен қоршаған ортаны қорғау стандарттарына сай болуға ұмтылуы тиіс екені атап өтілді.

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат  

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту