«ҚазМұнайГаз» бен Sinopec Group мұнай-химия корпорациясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

размер шрифта: Aa | Aa
23.09.2011 18:46
Бүгін елордада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдин мен Sinopec Group корпорациясының президенті Ван Тяньпу өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Меморандумға сәйкес, тараптар Қазақстанда немесе үшінші елдерде мұнай барлау және өндіру, газ өңдеу, мұнай өңдеу және мұнай химиясы, инжинирингтік және техникалық қызметтер, ақпараттық технологиялар, сонымен қатар басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға деген ниеттерін білдірді.

ҚМГ ҰК мен Sinopec Group корпорациясы Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңарту жобасын бірлесіп жүзеге асыруда. 2009 жылдың қыркүйегінде Sinopec Engineering (Sinopec Group-тың еншілес кәсіпорны) Атырау мұнай өңдеу зауытында хош иісті көмірсутектерін өндіретін кешеннің құрылысын салуға арналған тендерді жеңіп алған болатын.

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту