
Қазанда бензин қымбаттамайды – МГМ басшысы
размер шрифта: Aa | Aa |
28.09.2011 11:45 | ||
Үкімет қазан айында жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) шекті бағасын бұрынғы деңгейде қалдырды, деп хабарлады мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев. «Біз қазан айына шекті бағаларды сіздің тапсыруыңыз бойынша қырқүйектегі деңгейде қалдырдық», - деді С. Мыңбаев сейсенбі күні үкімет отырысында премьер-министрге. Сондай-ақ, ол республикамыздың мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) РФ-дан жеткілікті көлемде жеткізілмей отырған Аи-92 бензинінің өндірісіне мүмкіндігінше бағдарланғанын хабарлады. Сондай-ақ, министр К. Мәсімовтан «ҚазМұнайГазды» Қазақстанның ЖЖМ нарығын толтыру үшін Ресейден Аи-92 сатып алуға міндеттейтін қаулыны жедел түрде қабылдауды сұрады. Астана. 27 қырқүйек. ҚазТАГ -Айгүл Түлекбаева.
|