Қазақстан мен Ресей арасындағы жанармай бағасы теңесуі мүмкін - М.Есенбаев

размер шрифта: Aa | Aa
27.09.2011 10:17
Қазақстан мен Ресей арасындағы жанармай бағасы күндердің күнінде теңесуі мүмкін. Алайда мұндай жағдай жақын күндерде орын алады деу дұрыс емес. Бүгін Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Қазақстан мен Ресейдегі жанармай бағасының алшақтығы 40 пайызды құрап отыр. «Алайда бұл біздің жанармай нарығымыздағы жағдайға қатысты түйткілді мәселе деуге келмейді. Біз бұл мәселелермен айналысудамыз, алдағы уақытта бұл проблема шешімін табады деген ойдамын»,-деді агенттік төрағасы.

Оның сөзінше, жанармай нарығындағы жағдайдың күрделеніп отыруының басты себебі - елдегі ескіріп, тозығы жеткен процессинг орталықтарымен байланысты болып отыр. «Бұл туралы осыған дейін Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев та айтқан болатын. Жалпы біз бүгінгідей қиын жағдайда бола бермейміз. Себебі біз Кедендік одақ аясында бір-бірімізге қол ұшын созамыз. Осы ретте айта кететін мәселе - жақында қабылданған мұнай және мұнай өнімдеріне қатысты жаңа заң бөлшек және көтерме сауда нарығындағы делдалдардан арылып, жағдайды реттеуге ықпал етеді деген ойдамын», деді М.Есенбаев.

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту