Әзірбайжан Президентінің Қазақстанға сапары барысында 9 құжатқа қол қою жоспарланып отыр

размер шрифта: Aa | Aa
30.09.2011 10:21
Әзірбайжан мен Қазақстан экономикалық ынтымақтастық бойынша бірлескен үкіметаралық комиссияның ҮІІІ отырысының хаттамасына қол қойды.

Аталмыш шара Қазақстанның Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев пен Әзірбайжанның Өнеркәсіп және энергетика министрі Натик Әлиевтің төрағалығымен өткізілген.

Отырыс барысында Н.Әлиев атап өткендей, қазіргі уақытта екі ел арасындағы тауар айналымының деңгейі қанағаттанарлықтай ғана. Атап айтқанда, 2010 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 340 миллионнан асты, ал 2011 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша шамамен 150 миллион доллар. Қазіргі күні Әзірбайжанның Қазақстанға экспорты импорттан асып түсіп отыр.

Сонымен қатар Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің 2011 жылғы 19-20 қазандағы Қазақстанға ресми сапары аясында 9 құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Келісімдер энергетика, сауда, кеден және өзге де салаларды қамтиды.

Сондай-ақ кездесу барысында 2012 жылдың екінші жартысында Астанада комиссия отырысын өткізу туралы келісімге де қол жеткізілді.

БАКУ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту