Қазақстаннан газ жеткізу қырғызстандықтар үшін тарифтерді азайтуға мүмкіндік береді

размер шрифта: Aa | Aa
30.09.2011 10:22
Қырғыз Республикасының үкіметі Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне газды төмен бағамен жеткізу туралы шешіміне алғыс білдіріп отыр. Бұл туралы көрші республика үкіметінің  баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылыпты.

Екі елдің үкіметтері деңгейінде жүргізілген келіссөздер нәтижесінде қазақстандық газды Қырғызстанға төмендетілген бағамен жеткізу туралы шешім қабылданды. Осыған орай Қырғыз Республикасының үкіметі елдің тұтынушылары үшін табиғи газдың тарифтерін төмендету туралы шешім қабылдады.

БІШКЕК. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту