Қазақстанның мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев Әзірбайжанға келді

размер шрифта: Aa | Aa
30.09.2011 12:00
Бүгін Қазақстанның мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев басқарған қазақстандық делегация Әзірбайжан-Қазақстан экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына қатысу үшін Бакуге келді.

Ол осы комиссияның тең төрағасы, әзірбайжан тарапынан тең төраға - Әзірбайжан өнеркәсіп және энергетика министрі Натиг Әлиев.

Отырыста екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мәселелері, сондай-ақ 2011 жылғы қазан айында Әзірбайжан Президентінің Қазақстанға алдағы сапары барысында қол қойылатын келісімдердің мәтіндері талқыланады.

Комиссияның бұдан бұрынғы отырысы 2010 жылы Астанада өткен болатын. Онда ауыл шаруашылығы, көлік, туризм, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардағы өзара қызмет мәселелері талқыланды.  

БАКУ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту