Астанада мұнай-газ саласында қазақстандық қамтуды ұлғайтуға арналған халықаралық форум өтуде

размер шрифта: Aa | Aa
15.05.2011 15:52

ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада мұнай-газ саласында қызмет көрсететін жабдықтаушы компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушы ірі шетелдік операторлардың халықаралық форумы өтуде.

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Карашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» және «Теңізшевройл» ЖШС ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға 121 компания қатысуда. Оның ішінде Қазақстандағы мұнай-газ кеніштерінің 71 шетелдік операторы және мұнай-газ саласына арналған құрылғылар өндіретін 50 отандық компания бар.

Бүгінгі форум отандық тауар шығарушылар мен мұнай-газ компанияларының кешенді жабдықтар және қосалқы бөлшектер саласындағы қарым-қатынасының өзекті мәселелеріне арналған. Бірлескен Форумның басты мақсаты - мұнай-газ саласына қажетті кешендік жабдық пен қосалқы бөлшектерді өндіру нарығын дамыту, шетелдік және қазақстандық компаниялардың арасында серіктестік қатынас орнату, мұнай құрылғыларының Қазақстанда өндірілуіне жағдай жасау.

«Бұл - ірі өндіруші компаниялар, жер қойнауын пайдаланушылар мен қазақстандық тауар, материалдар және қызмет ұсынушы компаниялар арасындағы 4-ші форум. Жылдан жылға бұл компанияларда қазақстандық үлестің салмағы артып келеді»,-деді «KAZENERGY» қауымдастығының Қазақстандық мөлшерді дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, «Қазақстандық мұнай-газ институты» АҚ директоры Ұзақбай Қарабалин.

Ұ. Қарабалин атап көрсеткендей, аталған форум барысында қазақстандық өндірушілер мұнайгаз құрал-жабдықтары мен қосалқы бөлшектері нарығындағы қысқамерзімді және ұзақмерзімді сұраныстар бойынша бірқатар келісімшарттар жасасады.

«Бүгін түстен кейін компаниялар бетпе-бет кездесулер өткізіп, алдағы әріптестіктің болашағы жөнінде нақты әңгіме жүргізетін болады»,-дейді ол.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту