«ҚазМұнайГаз» компаниясын Болат Ақшолақов басқарады

размер шрифта: Aa | Aa
06.10.2011 14:38

 ҚазАқпарат - Болат Ақшолақов «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметі.

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісу арқылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығының шешімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдиннің өкілеттілігі тоқтатылды.

Болат Оралұлы Ақшолақов 1971 жылдың 9 сәуірінде Атырау облысының Гурьев қаласында дүниеге келді. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдады. Әр жылдары Alem Bank Kazakhstan филиалдары қызметінен бақылау жасау департаментінің бас экономисті, Орталық-Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару департаментінің директоры, «Қазақойл» ҰМК» ААҚ ТШО департамент директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» АҚ БК үлестерді басқару жөніндегі қаржы директоры, сонымен қатар ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі қызметтерін атқарды.

АСТАНА. 5 қазан.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту