Инновацияларды дамыту мұнай-газ өнеркәсібі үшін өте маңызды - Дидье Олло

размер шрифта: Aa | Aa
06.10.2011 14:40
ҚазАқпарат - Француздың GDF SUEZ E&P компаниясының Бірінші вице-президенті Дидье Олло KAZENERGY VI Еуразиялық Форумының аясында «Энергетикалық сектордағы инновациялардың ауқымы: тиімділігін арттыру және барлау мен шығарудың географиялық, геологиялық және техникалық шектерін дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Сессия аяқталғаннан кейін Олло мырза pm.kz сайтына арнайы сұхбат берді.

- Қазақстандағы инновациялық дамудың перспективасын қалай бағалайсыз?

- GDF SUEZ E&P компаниясы Қазақстанда жүзеге асырып жатқан жоба - Хвалынское кеніші - Каспий теңізінде Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқан. Онда газ конденсатын өндіру қиын болғандықтан, шығыстарды азайту үшін компания инновациялық технологияларды қолдануда. Қазақстандық операторлармен, сондай-ақ «Лукойл» және «Тоталь»-мен бірлесіп, инновациялық шешімдерді әрі қарай жетілдіре береміз деген сенімдемін.

- Мұнай-газ секторындағы инновациялық ынтымақтастық қаншалықты тиімді?

- Энергетикалық компанияларға мол инвестициялар керек болғандықтан, олар өздеріне тиімдірек жұмыс істеуге, кеніштерді игеру жұмыстарын арзандатуға мүмкіндік беретін инновацияларды дамытуға әзір. Сондықтан да, мұнай-газ секторы үшін, әсіресе, азиялық аймақ үшін, компаниялардың инновацияларды енгізуге деген әзірлігі негізгі фактор деп санаймын. Ондай инновацияларды әдетте бірнеше компания серіктесе отырып әзірлейді. Сондықтан да, сіз операторыңызға жақсы идея ұсынсаңыз, оның серіктестері ол туралы естіп-білсе, олар сол технологияларды басқа салаларда қолдана бастайды. Осыған байланысты, инновацияларды дамыту мұнай-газ өнеркәсібі үшін өте маңызды.

АСТАНА. 5 қазан. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту