"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ мұнай-газ қорына тәуелсіз аудит жүргізуде

размер шрифта: Aa | Aa
07.10.2011 15:34

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-ы мұнай-газ қорына жүргізіп жатқан тәуелсіз аудиттің қорытынды есебі 2012 жылдың ақпан айында шығады. Оны  аудитті жүргізіп жатқан "Гаффни Клайн энд Ассошиэйтес" компаниясының Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Питер Холдинг бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"PRMS   әдістемесі бойынша жүргізіліп жатқан бұл аудит  "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының үлесі бар барлық мұнай-газ компанияларында жүргізілуде. Онда әрбір кен орны туралы жан-жақты ақпараттар қамтылады. Бұл мұнайгаз қорларын анықтаудың қазақстандық жіктелімін жоққа шығармайды. Қайта тәуелсіз аудит ретінде оның есебі халықаралық инвестиция тартуға көмектеседі", - дейді П. Холдинг. Оның айтуынша, олар бұл жұмысты «ҚазМұнайГаз»-дың Бас геологы Құрманғазы Есқазиевтың ұсынысы бойынша жүзеге асыруда. Ол компанияны тиімді басқаруға өз септігін тигізіп, тартымдылығын арттырмақ.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы аудит жүргізу үшін игеру көрсеткіштерінің динамикасы мен алғашқы геологиялық қорларды категориялар бойынша бағалауды негізге алатын PRMS (Мұнай ресурстарын басқару) әдістемесін таңдап алды. Ол кен орны қызмет көрсететін барлық мерзім ішінде игеруге қолайлы тұтас қорлардың дәл сипатын бере алады. Бүгінде қазақстандық жіктеу стандарты бойынша компанияның мұнай қоры шамамен 800 миллион тоннаны құрайды. Қазіргі шоғырландырылған мұнай өндіру деңгейі бойынша ҚазМұнайГаз 35 жылдан астам уақытқа дәлелденген мұнай қорымен қамтамасыз етілген", - дейді «ҚазМұнайГаз»-дың Басқарма  мүшесі, Барлау және өндіру жөніндегі  басқарушы директоры  Алик Айдарбаев. Оның сөзіне қарағанда, бұрын «ҚазМұнайГаз" БӨ", "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ының еншілес кәсіпорындары  ғана  өздерінің өндіру активтеріне аудит жүргізген. Бұл жолы  «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының қорлары мен ресурстарының барлық өндіру активтеріне шоғырландырылған баға беріліп қоймай, тұңғыш рет Каспий теңізінің қазақстандық секторының және компания активтерінің басқа да ресурстық әлеуеті бағаланады.

АЛМАТЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту