Геологиялық ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесі қаралып жатыр - ҚР Мұнай және газ вице-министрі

размер шрифта: Aa | Aa
07.10.2011 15:36
Қазақстанның мұнай қоры біршама ұлғая түсуі мүмкін. Оған ағымдағы жылы ашылған жаңа кеніштер өз ықпалын тигізбек. Оны  Мұнай және газ вице-министрі Ляззат Қиынов  бүгін Алматыда өтіп жатқан  19-шы қазақстандық "Мұнай және газ" халықаралық конференциясында   айтты.

"Қазақстан геологиялық барлау жағынан кеңес дәуірінде жетекші республика болды. Алайда сол кезде қол жеткізген жетістіктерді ұстап тұра алмадық. Қазір біз сол кезде жасалған мәліметтерді әлі  қолданып келе жатырмыз. Сондықтан бұл саладағы жұмыстарды жандандыру мақсатында үкімет тарапынан  түрлі шаралар жасалуда. Мәселен Геологиялық ғылыми -зерттеу инстиутын құру мәселесі қарастырылып жатыр", - дейді Л.Қиынов. Оның айтуынша, Қазақстан геологиялық барлау саласындағы зерттеу жұмыстарын қажетті деңгейге көтере алады.   Қазіргі елдегі  табиғат байлықтарының қоры туралы мәліметтердің бәрі бұрынғы  зерттеу жұмыстары нәтижесінде анықталған  деректер негізінде жасалып отыр.

АЛМАТЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту