Жанар-жағармай сапасын тексеретін арнайы орган құру керек - академик Надир Надиров

размер шрифта: Aa | Aa
07.10.2011 15:40
Бақылауды күшейтпей жанар-жағармай өнімдерін реттеу қиын.

Бұл жайлы ҚР ҰҒА академигі Надир Надиров  Алматыда өтіп жатқан  19-шы қазақстандық "Мұнай және газ" халықаралық конференциясы кезінде осындай пікір білдірді.

 Ғалымның айтуынша, Алматыда  жанар-жағармай өнімдерінің сапасын бақылап отырған арнайы мекеме жоқ. Олар әр жақтан әкелінеді. Жанар-жағармай өнімдерін сатуды реттеу үшін алдымен оның сапасын бақылап отыратын арнайы орган құру керек.

"Алматы сияқты тау етегінде  орналасқан қалалардың экологиялық ахуалын жақсартуда жанар-жағармай өнімдерінің сапасын қадағалаудың маңызы өте зор. Мәселен менің зерттеу үшін қаладағы жанармай құю бекеттерінен   алған сынамаларымда олардың  сапасы өзінің көрсеткіштеріне сай  еместігі анықталды. Яғни төменгі маркалы жанармайға   түрлі қоспалар қосып, тұтынушыларды алдап отыр", - дейді техника ғылымының докторы, профессор Надир Надиров.

АЛМАТЫ. 7 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту