Грузия табиғат байлықтарын игеруде бұған дейін жасалған келісімшарттарды қайта қарамайды - Лиана Джержавидзе

размер шрифта: Aa | Aa
10.10.2011 11:01

Грузия  өтпелі кезеңдегі  тұрақтылықты үзгісі келмейді.  Бұл  бүгін Алматыда өз жұмысын аяқтайтын  19-шы қазақстандық "Мұнай және газ" халықаралық конференциясы кезінде айтылды.

"Грузия табиғат байлықтарын игеруде бұған дейін жасалған келісімшарттарды қайта қараймайды. Өйткені ол елде белгілі бір деңгейде тұрақсыздық тудыруы мүмкін. Әсіресе аяғынан енді ғана тұрып келе жатқан энергетика саласында бұл өте маңызды", - дейді Илия мемлекеттік университетінің Халықаралық Кавказды зерттеу мектебінің ғылыми қызметкері Лиана Джеравалидзе. Оның айтуынша, Грузия  келісімшарттарды жаңаша реттеу үшін  серіктестермен келіссөздер жүргізуде.  Олардың қандай талаптары бар екенін білу үшін. Келіссөздер қорытындысы туралы әзірге ештеңе айта алмаймын.

"Былтыр келіссөздердің қорытынды кезеңіне біз қатысқанбыз. Алайда бірқатар мәселелер шешілмей қалды. Биыл біз белгілі бір  нәтижелерге қол жеткіздік", - деді Г.Джеравалидзе.

АЛМАТЫ. 7 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту