Батыс компаниялары көп шағымданғанмен ешқайсысы да Қазақстаннан кеткен жоқ - Эндрю Нефф

размер шрифта: Aa | Aa
10.10.2011 11:02

Қазақстанда инвестициялық ахуал бәрі бір жақсы.  Оны HIS  Energy Бас энергетикалық сарапшысы Эндрю Нефф бүгін Алматыда өз жұмысны аяқтаған   19-шы қазақстандық "Мұнай және газ" халықаралық конференциясында   айтты.

"Батыс компаниялары өте көп шағымданады. Бірақ ешқайсысы да кеткен жоқ. Өйткені  Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз  жобалары Қазақстанға  ғана емес оған қатысып жатқан әр компания үшін де өте маңызды. Әр тарап бұл жобаларында барынша жоғары тиімділік көріп отыр", - деді Э. Нефф. Оның пайымдауынша, 1990 жылдары жасалған келісімшарттар Қазақстаның экономикалық даму  деңгейі мен экономикалық мәртебесі өзгеше уақытта жасалды. Қазақстан үшін қолайсыз жағдайлар болды. Батыс компаниялары келісімшарттардың сол қалпында қалғанын қалайды. Алайда елде инвестициялық ахуал бәрі бір жақсы.

АЛМАТЫ. 7 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту