Тәуелсіздік жылдары Каспий теңізінің қазақстандық секторында 120-дан астам перспективалық құрылым анықталды - Алиакпар Матишев

размер шрифта: Aa | Aa
10.10.2011 11:03

 Қазақстан шетелдік инвестицияларды әртараптандыруда. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан  19-шы қазақстандық "Мұнай және газ" халықаралық конференциясында   айтылды.

"Каспий теңізінің қазақстандық қайраңындағы отын  қоры болжам  бойынша  шартты түрде 8 миллиард  тонна. Оған 14,5 миллиард тонна мұнайды қосуға болады. Қазіргі таңда түрлі деңгейдегі Қашаған, Құрманғазы, Жемчужина, Жамбай, Жамбыл және Сәтбаев сияқты бірнеше мұнайгаз жобасы бар.  Олардың бәріне шетелдік инвесторлар белсенді түрде қатысуда", - дейді Kazenergy Қазақстан мұнайгаз және энергетика кешені қауымдастығының Атқарушы директоры Алиакпар Матишев. Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан мұнайгаз саласына Үндістан, Оман, Корея компанияларын тартты.    Бұл еліміздің шетелдік инвестицияны әртаптаптандырудағы саясатының көрінісі. Қазақстан қазір ірі жобаларды жүзеге асыруда өзінің  қаржы құралдары мен технологиялық мүмкіндіктеріне ие болды. Бұл Қазақстан мен шетелдік инвесторлар арасындағы қарым-қатынастың жаңа моделін құруда.

АЛМАТЫ. 7 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту