«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-сы Алматыдағы №131 орта мектеп-лицейіне жаңа көпфункционалды спорт алаңын салып берді

размер шрифта: Aa | Aa
10.10.2011 11:04

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-сы Алматыдағы №131 орта мектеп-лицейіне жаңа көпфункционалды спорт алаңын салып берді.

Аталған компанияның барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры Алик Айдарбаевтың айтуынша, бұл іс ҚР Президентінің Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту бастамасын орындау мақсатында жүзеге асқан. «Біздің компания 2 жыл ішінде осындай спорт алаңдарын республика бойынша 50 мектепке, оның ішінде 5-уін Алматыдағы білім беру ошақтарында ашпақ. Жастарымыз спортпен айналысып, сабақтарын жақсы оқиды деген сенімдеміз», -деп атап өтті А.Айдарбаев.

Соңғы заманауи үлгіде салынған спорт алаңында футбол, волейбол, теннис тағы басқа спорт түрлерімен айналысуға болады. Сонымен қатар қыста алаңның зақым келтірмейтін аязға төзімді жабыны балалардың спортпен айналасуы үшін барынша жайлы және қауіпсіз.

«Бұқаралық балалар спортын дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына терең алғысымды білдіремін. Балалар өздерінің спорттық шеберліктерін жетілдіруге үлкен мүмкіндік алды», -дейді мектеп директоры Күлебай Үмешбаев.

Спорт алаңының ашылу рәсіміне қала әкімі Ахметжан Есімов, ҚР футбол Федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов, ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты.

АЛМАТЫ. 7 қазан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту