ҚР-да мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілді

размер шрифта: Aa | Aa
17.10.2011 10:53

ҚР-да Мұнай және газ министрлігі мен Экономикалық даму және сауда министрлігінің бірлескен бұйрығымен мұнай операцияларынжүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілді, деп хабарлады ресми БАҚ.

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ 149-272

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

2011 жылғы 25 тамыз     №149       Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

2011 жылғы 31 тамыз     №272       Астана қаласы

  

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес бұйырамыз:

1. Қоса беріліп отырған Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А.Момышев):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Л.К.Қиыновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі

С. МЫҢБАЕВ.

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушы

 Д. ШӘЖЕНОВА.

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №149 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 31 тамыздағы №272 бірлескен бұйрығымен бекітілді.

 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 12 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7177 болып енгізілді.

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту