ҚМГ БӨ өзінің ІРО-сының 5 жылдығына арналған роуд-шоу шарасын бастайды

размер шрифта: Aa | Aa
20.10.2011 11:48

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) өзінің ІРО-сының 5 жылдығына арналған роуд-шоу шарасын бастайды, делінген компанияның ақпаратында.

 ««ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ  өзінің ІРО-сының 5 жылдығына арналған роуд-шоу шарасын бастайды. Роуд-шоу барысында әлемнің бірнеше елінде инвесторлармен және сарапшылармен кездесулер өтеді. Роуд-шоу Алматыда қазақстандық зейнетақы қорларының өкілдерімен, сарапшылармен кездесуден басталады», - делінген сәрсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Кездесу барысында «компанияның ІРО-дан бергі кезеңдегі дамуының қорытындысы шығарылып, алдағы үш жылға жоспар белгіленеді».

Еске сала кетейік, компанияның акциялары Қазақстандық қор биржасында, ал депозитарлық қолхаттары Лондонның қор биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қырқүйегінде IPO кезінде компания $2 млрд-тан аса қаржы тарта алды. Standard & Poor's халықаралық агенттігі 2011 жылдың маусымында ҚМГ БӨ-нің несиелік рейтингін «BB+», ал 2011 жылдың қырқүйегінде корпоративті басқару рейтингін «GAMMA-6» деңгейінде қуаттады.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ-ның еншілес компаниясы) - мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды.

Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту