«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемін 4 пайызға арттырды

размер шрифта: Aa | Aa
24.10.2011 10:41
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесімен 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 40 млн. 570 мың тонна болды.

2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 1 млн. 547 мың тоннаға немесе 4 пайызға артты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«ҚазТрансОйл» АҚ МҚ жүйесі бойынша жүк айналымы 2011 жылғы тоғыз айда 26 млрд. 089 млн. тонна шақырым болды. Былтырғы жылғы осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 522 млн. тонна шақырымға немесе 2 пайызға артты.
Биылғы өткен тоғыз айдың қорытындылары бойынша «Өзен - Атырау - Самара» магистральды мұнай құбырының «Атырау - Самара» учаскесімен мұнай айдау көлемі артып, 11 млн. 549 мың тонна болды. 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 283 мың тонна немесе 3 пайызға артық. Көмірсутек шикізатын тасымалдау көлемінің өсімі ҚХР бағытында да сақталып отыр - биылғы жылғы қаңтар-қыркүйекте «Атасу - Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 8 млн. 658 мың тонна мұнай деңгейіне жетті, 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн. 108 мың тонна немесе 15 пайызға артты.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры бөлігімен Ресей мұнайының транзиті 2011 жылғы есепті кезеңнің қорытындылыры бойынша 4 млн. 375 мың тоннаны құрады, көбею 274 мың тонна немесе 7 пайыз болды.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 9 млн. 636 мың тоннаны құрады.

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту