Атырау маңында төрт миллион тонна күкірт жиналады

размер шрифта: Aa | Aa
26.10.2011 11:29
Каспий теңізіндегі Қашаған кен ошағынан мұнай алу кезінде қоймадағы күкірт көлемі  төрт миллион тоннаға дейін жетеді, деп хабарлады «Аджип ККО» компаниясының жер үсті кешеніндегі жобалар бойынша менеджері Лука Мори.

«Болашақ» экспортына жіберу үшін мұнай дайындау жөніндегі кешенді құрылғыда бөлінетін күкіртті Атыраудан  30 шақырым жерде 6 арнайы картада жинау жоспарлануда.

Л.Моридің айтуынша, күкірті уақытша сақтау үшін төменнен геотекстилді мембранамен қорғалатын арнайы карталар әзірленеді.

Қазіргі таңда Атырау облысының аймағында халық тарапынан алаңдаушылық тудырып отырған Теңіз кен ошағында күкірт қоймасы бар.

АТЫРАУ. 25 қазан. ҚазАқпарат  /Андрей Соколов/

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту