«ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының 9 айда өндірген мұнай және газ конденсаты 15,7 миллион тоннаны құрады

размер шрифта: Aa | Aa
26.10.2011 11:31
«Алдын ала мәліметтер бойынша, «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобы бойынша 2011 жылдың 9 айында мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 15,7 миллион тоннаны құрады», - деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 9 айдың жетістігі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4 пайызға кем. Сонымен бірге биылғы жылдың 9 айында компания 2,1 миллион тонна табиғи газ өндірді. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен бірдей болып отыр.  Ағымдағы жылдың 24 қазанында Астана қаласында  «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының  кеңейтілген Басқарма мәжілісі өткен болатын. Онда компанияның 2011 жылғы 9 айындағы қаржы-шаруашылық қызметінің алдын-ала қорытындылары шығарылды. Оған сәйкес, магистралды құбырлар арқылы мұнай тасымалдау  50,4 миллион тоннаны құрап, бұл меже өткен жылғыдан 3 пайызға асып түсті.  Ал биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында теңіз арқылы мұнай тасымалдау көлемі 22 пайызға өсіп, 6,2 миллион тоннаны құрады. Сондай-ақ газ тасымалдау көлемі 82 миллиард  текше метрді құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзіміндегіден  9 пайызға артық болып отыр.

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту