Еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауытында 9 айдағы өңдеу көлемі 8,2 миллион тоннаға жетті

размер шрифта: Aa | Aa
26.10.2011 11:33
2011 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша мұнай өңдеудің шоғырландырылған көлемі (оның ішінде The Rompetrol Group) 11,4 миллион  тоннаны құрады.

Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,3 пайызға артық. Ал еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауытында 9 айда өңдеу көлемі  8,2 миллион тоннаға жетті. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

 Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аудиттелмеген алдын-ала мәліметтер бойынша, 2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы компанияның шоғырландырылған табысы 2,03 триллион теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 22 пайызға артық болып отыр. Сондай-ақ есепті мерзімдегі шоғырландырылған табыс 306,6 миллиард теңге болды. Бұл 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10 пайызға көп. Жалпы алдын-ала мәліметтер бойынша, «ҚазМұнайГаз» компаниясының 2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында үлестік әдіс бойынша шоғырландыру қағидаттары негізінде мемлекет бюджетіне  387, 1 миллион теңге салық және басқа да міндетті төлемдер төледі. Мұның өзі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 23 пайызға көп болып отыр.

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту