«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ орташа айлық жалақысы 170-270 мың теңгені құрайтын 230 жұмыс орынын құрды

размер шрифта: Aa | Aa
28.10.2011 11:44

«ҚазМұнайГаз» Директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша, компания Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы әлеуметтік ахуалды жақсарту жөнінде бірқатар нақты шараларды қолға алды.

Бұл ақпаратты аталған компанияның баспасөз қызметі таратып отыр.

Атап айтқанда, «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына қызмет көрсететін мердігер және сервистік кәсіпорындарда қосымша өндірістік тапсырыс бере отырып, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ  айлық жалақысы орташа есеппен 170 мың теңгеден 270 мың теңгеге дейін соманы құрайтын 230 жұмыс орнын құрды.

Бұл тек мұнай өндіру көлемін арттырып қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік міндеттерді шешуге де септігін тигізеді деп күтілуде. Өйткені, аталған жұмыс орындарына бірінші кезекте 2011 жылдың мамырында басталған заңсыз наразылық акциясына қатысып, жұмысқа шықпағаны үшін ӨМГ-дегі жұмысынан шығарылғандар тұруы мүмкін.

Сонымен қатар ҚМГ БӨ Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесе отырып, Жаңаөзен қаласына азық-түлік жәрмеңкелерін өткізу арқылы тамақ өнімдерін өндірушілердің бағасы бойынша тікелей жеткізуді ұйымдастыруға ықпал етуді көздеп отыр.

«ҚМГ ҰК аталған шаралар жалпы аймақтағы, оның ішінде Жаңаөзен қаласындағы әлеуметтік шиеленісті шешуге ықпал етеді деп есептейді», - делінген баспасөз хабарламасында.

КМГ лого АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту