Қазақстан Қарашығанақтағы үлес үшін $700 млн-нан $1,1 млрд-қа дейін төлей алады – «Самұрық-Қазына»

размер шрифта: Aa | Aa
05.10.2011 14:23

Астана. 5 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Қарашығанақтағы газ-конденсаттық кеніштегі үлес үшін $700 млн-нан $1,1 млрд-қа дейін төлей алады, деп «Самұрық-Қазына» Ұлттық әлауқат қорының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Тимур Асқарұлы (ҰӘҚ басшысы Тимур Құлыбаев – ҚазТАГ) бұл цифрды форум (KazEnergy-дің VI-ші Еуразиялық форумы – ҚазТАГ) аяқталған соңғы press-tea барысында мәлім етті. Онда $700 млн-нан $1,1 млрд-қа дейінгі цифр аталды», - деді сәрсенбі күні қордың баспасөз хатшысы Юрий Черкасов ҚазТАГ тілшісіне телефон арқылы. Бұрын хабарланғандай, ҚР үкіметі мен Karachaganak Petroleum Operating (KPO) консорциумына қатысушылар Қазақстанның Қарашығанақтан 10% үлесін алу туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді: 5% - тегін, қалған 5%-ын нарық бағасымен.

Қарашығанақтағы мұнай қоры 1,2 млрд тонн, газ - 1,35 трлн тек. м. 40 жылға есептелген ӨБК-ге сай кенішті игеру  Karachaganak Petroleum Operating: BG Group - 32,5%, ENI - 32,5%, Chevron - 20%, Лукойл - 15% үлеспен иеленген халықаралық консорциуммен иегріледі.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту