Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі KAZENERGY форумында қазақша сөз сөйледі

размер шрифта: Aa | Aa
05.10.2011 14:25

Астана. 5 қазан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Ұлыбританияның Қазақстандағы және Қырғызстандағы елшісі Дэвид Моран KAZENERGY форумында қазақша сөз сөйледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Құрметті ханымдар мен мырзадар, кеше Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов мырза менің ана тілім – ағылшын тілінде еркін сөз сөйледі. Бүгін мен қазақ тілінде сөйлеуге тырысамын», - деді ол сәрсенбі күні KAZENERGY VI Евразиялық форумында.

Елшінің сөзі 5 минутқа жалғасты, Д. Моран өзінің баяндамасын мемлекеттік қазақ тілінде жасады.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту