Қазақстанда 2019 жылдан кейін тағы бір МӨЗ-дің құрылысы жоспарланып отыр - Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2011 14:29

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ -  Қазақстанда 2019 жылдан кейін тағы бір мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлады мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

«…2019-2020 жылдардан кейін біздің салалық бағдарламаға сәйкес, тағы бір мұнай өңдеу зауытының құрылысы жоспарланған», - деді С. Мыңбаев сейсенбі күні «Қазақстан: тұрақты дамудың 20 жылы, инвестициялар мен тұрақты ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» деген тақырыптағы KAZENERGY VI Еуразиялық форумында.

Министр Қазақстанда 2015 жылға дейін үш МӨЗ-ді модернизациялау бағдарламасы жасалғанын еске салып, бағдарлама өңдеу қуаттарын 17,5 млн. тоннаға жеткізуге, Euro-5 стандарты бойынша бензин шығаруға мүмкіндік беретінін айтты.

Бұрын хабарланғандай, жазда Қазақстанда сезілген ЖЖМ дефицитін салалық министрлік мұнай өңдеу қуаттарының жетіспеушілігімен түсіндірген болатын.

Ал ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан 2014-2015 жылдары Атырау, Шымкент және Павлодардағы үш МӨЗ-ді модернизациялау аяқталғанда ЖЖМ-нің ішкі нарығын қамтамасыз ете алатынын хабарлаған.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту