Жақында Теңіз кен орнын кеңейту жобасы қаралады

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2011 14:31

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Теңіз кен орнын кеңейту жобасы жақында құзырлы органның қарауына енгізіледі, деп хабарлады мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

«Теңіз» жобасы бойынша өндіру көлемін қазіргі 26 млн тоннадан 36 млн тоннаға ұлғайтумен «Болашақ даму» жобасы пысықталып жатыр», - деді С. Мыңбаев сейсенбі күні «Қазақстан: тұрақты дамудың 20 жылы, инвестициялар мен тұрақты ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» деген тақырыптағы KAZENERGY VI Еуразиялық форумында.

«Жақында бұл жоба құзырлы органның қарауына енгізілуі мүмкін», - деді ол.

«Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Теңіз кен орнында көмірсутек шикізатын өндіру үшін құрылды. Теңіз кен орнының коллекторында мұнайдың алынатын қоры 2033 жылдың сәуіріне дейін 750 млн-нан 1,1 млрд тоннаға дейін жетеді. Теңіз коллекторының барланған қоры 3 млрд тонна және Корольдік кен орнында 190 млн тоннаны құрайды. ТШО қатысушылары - ChevronTexaco Overseas (50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%),  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (20%) және LuKArco (5%).

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту