ЕО Қазақстанның «Оңтүстік дәлізге» қатысуды жалғастырғанын қолдайды

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2011 14:33

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Еуропа одағы (ЕО) Қазақстанның «Оңтүстік дәлізге» қатысуды жалғастырғанын қолдайды, деп мәлім етті Еуропа комиссиясының мүшесі, энергетикадан еурокомиссар Гюнтер Оттингер.

«Біз Будапешттегі Nabuccoсаммитіне және «Оңтүстік дәліз» бойынша Париж саммитіне Қазақстанның қатысуын қолдадық және Қазақстанның «Оңтүстік дәлізге» қатысуды жалғастырғанын да қолдайтын боламыз», - деді ол сейсенбі күні KAZENERGYVI Еуразиялық форумында.

Ол «осыдан бірнеше апта бұрын ЕО мүшелері Еуропа комиссиясына Транскаспий құбырын салу үшін ЕО, Әзербайжан, Түркменстан арасындағы келісім бойынша қажет жағдайлар жасауға келісім бергенін» еске салды.

«ЕО үшін «Оңтүстік дәліздің» дамуына үлкен үлес болады», - деді ол.

Мұның алдында ресейлік БАҚ-тарға сілтеме жасап хабарланғандай, Еуроодақ Әзербайжан мен Түркменстанмен Еуропаға Каспий теңізі арқылы газ жеткізу туралы келіссөз жүргізе бастаған.

Еурокомиссия Еуроодақтың атынан «Оңтүстік дәліздің» бір бөлігі болатын құбырдың құрылысы туралы келіссөз өткізеді, ЕО бұл құбырдың көмегімен ресейлік газға тәуелділікті азайтпақ.

Lenta.ru-дың хабарлауынша, Түркменстан басшылығы Транскаспий құбырымен газ Әзербайжан мен Грузия арқылы Түркияға, ол жерден Nabucco құбырымен Еуропаға жеткізіледі деп жоспарланған болатын. 2011 жылдың мамырында Nabucco құбырының құрылысын бастау 2012 жылдан 2013 жылға қалдырылды.

Nabucco Gas Pipeline International GmbH консорциумы ЕО-ның Әзербайжанмен және Түркменстанмен келіссөз бастауын қолдады.

Әлемде газ қоры бойынша төртінші орын алатын Түркменстан 2010 жылы Каспий түбімен газ құбырын салуда Каспий маңы елдерінің қолдауына ие болды. Сол кезде Түркменстанның вице-премьері Баймурад Ходжамухамедов Еуропаға жылына 40 млрд текше метр газ жеткізуге болатыны айтқан. Алайда ол отын жеткізу қашан басталатынын нақтылаған жоқ.

Ресей дағдарыс кезеңінде Ашғабадтан газ сатып алуды қысқартқаннан кейін Түркменстан жаңа өткізу нарықтарын іздеуге көшті. 2030 жылы Түркменстан 230 текше метр газ өндіруді жоспарлап отыр, қазіргі көрсеткіш  - жылына 70 млрд текше метр.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту