МГМ басшысы Қашаған жобасындағы Exxon Mobil акциялар пакетінің үнді консорциумына сатылғаны туралы ақпаратты қуаттаған жоқ

размер шрифта: Aa | Aa
02.11.2011 15:18

Астана. 2қараша. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев Қашаған жобасындағы Exxon Mobil акциялар пакетінің үнді консорциумына сатылғаны туралы ақпаратты қуаттаған да, жоққа шығарған да жоқ.

«…Бүгінгі күні құзырлы органның атына ешқандай ресми өтініштер түскен жоқ», - деді С. Мыңбаев сәрсенбі күні журналистерге мәжіліс отырысы аясында.

Мұның алдында үнді БАҚ-тарына сілтеме жасап, 3 үнді компаниясының консорциумы «қазақстандық Қашаған мұнай кен орнындағы үлесті сатып алуға жақын» қалғаны туралы хабарланған болатын.

«Операторы ONGC Videsh (OVL) бөлімшесі болып табылатын үнді консорциумы ExxonMobil-дің Қашағандағы 16%-дық үлесін $6 млрд-қа сатып алуды жоспарлап отыр», - деп хабарлаған болатын Financial Chronicle газеті келіссөздерге жақын жүрген үнді үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап.

Үндістанның Gail газ компаниясы мен Indian Oil Corporation (IOC) да Қашаған бойынша келіссөздерге қатысуда, деп хабарлады дереккөз.

Ал Bloomberg агенттігі үкі компаниясы ықтимал ұсыныстың сомасын да анықтап қойғанын хабарлады; егер оны ел үкіметі қолдаса, ONGC американдықтармен ресми келіссөз жүргізе бастайды.

Қашаған – әлемде соңғы 40 жылда ашылған ең ірі кен орындарының бірі және теңіздегі ірі мұнай кен орны. Сарапшылардың болжамына сәйкес, Қазақстан Қашағанмен әлемдегі мұнай өндіруші бестікке кіре алады.

Бастапқыда Қашағанда шикізат өндіруді 2005 жылы бастау жоспарланған, алайда техникалық қиындықтарға байланысты кен орнындағы өндіру жұмыстары 2012 жылға қалдырылды.

Қазіргі уақытта Қашаған жобасына қатысушылар: Eni, Royal Dutch Shell, Exxon Mobil, Total және «ҚазМұнайГаз» компаниялары, олардың үлестері тең (16,81%-дан), сондай-ақ, 8,4% үлесі бар американдық ConocoPhillips және 7,55% үлесімен жапониялық Inpex бар. Жобаны North Caspian Operating Company B.V бірлескен компаниясы басқарады.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту