Мұнайшының қызын өлтірді деген күдікпен оның танысы ұсталды

размер шрифта: Aa | Aa
02.11.2011 15:19

Ақтау. 2 қазан. ҚазТАГ – Жаңаөзенде мұнайшының 18 жасар қызы Жансәуле Қарабалаеваны өлтірді деген күдікпен оның сыныптасының күйеуі ұсталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында «А» азамат анықталып, ұсталды. Ол Қарабалаевтардың отбасына жақсы таныс 24 жастағы жігіт, қаза тапқан Жансәуленің сыныптас құрбысының күйеуі болып шықты» - деп хабарлады сәрсенбі күні баспасөз қызметі.

ІІД-нің ақпаратына сәйкес, күдікті Жаңаөзен қаласының ІІБ-сының уақытша оқшаулағышына қамалды. Оперативті-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бұрын хабарланғандай, колледжстудента Ж.Қаралбаева 20 тамызда жоғалған, 24 тамызда оның денесі қаланың шетінен табылды. Бойжеткенді пышақтап, бас сүйегі мен жағы сыныпты. Оның туыстары оқиғаны қыздың әкесінің Жаңаөзенде мұнайшылардың ереуіліне қатысуымен байланыстырған болатын.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту